«Медицинаға қадам» жобасын іске асыру жұмыстары
Қарағанды білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығы мен Қарағанды облыстық жоғары Мейірбике колледжінің жоспарына сәйкес 2024 жылдың 18 қаңтар күні «Медицинаға қадам» бейіндік жобасын іске асыру аясында медициналық сынып оқушыларымен кезекті онлайн кездесуін өткізді.
Кездесуде колледжде оқытылатын мамандықтар туралы танысып, «Медбике» және «Фармацевт» мамандықтары туралы әңгімелесті. Әрі колледжге виртуалды экскурсия жасалып, «Адам анатомиясы» виртуалды атласы көрсетілді, онда оқушыларға «Адам мүшелер жүйесі» құрылымы туралы айтылды. Балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға жауап алуға мүмкіндік алды.
Қатысушы оқушылар: медициналық сыныпқа қатысатын 80 оқушы.