«Құзыреттілік орталығың» іс-тәжірибесі негізінде «Ұлттық құндылықтарымызды дамыту» тақырыбындағы облыстық семинар
19-01-2024 15:48
«Құзыреттілік орталығың» іс-тәжірибесі негізінде «Ұлттық құндылықтарымызды дамыту» тақырыбындағы облыстық  семинар

      19.01.2024 жылы Қарағанды облысында білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы КМҚК «Шаңырақ» бөбекжайында «Ұлттық құндылықтарымызды дамыту» тақырыбы бойынша құзыреттілік орталығы шеңберінде семинар өткізді.

Семинардың негізгі мақсаты – «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бағдарламасының ұлттық құндылықтары бағыты бойынша жұмыс тәжірибесін тарату. «Өсу нүктелері», «Күні бойындағы екі тәрбиеші» пилоттық жобаларының нәтижелері ұсынылды. Сондай-ақ ұлттық құндылықтар бойынша жұмыстар көрсетілді. Жас ерекшелік топтарында «Жеті ата шежіресі» эксперименттік іс-әрекет, «Қазына аралына саяхат» квест ойыны, «Қысқы орманға саяхат» кіріктірілген іс-әрекет, «Ғажайып ою-өрнек» эксперименттік іс-әрекеттері өткізілді. Сонымен қатар, түзету жұмысын логопед  маманы «Жабайы жануарлар» , дефектолог маманы «Төрт түлік мал – жылқы» , қазақ тілі маманы «Киіз үй – ұлт мұрасы» атты таныстыру, робототехника маманы «Ақылды тышқан» ойын әрекеттерін өткізді. «Асық атты балақай, алшы түсті алақай!» асықтерапиясын денешынықтыру нұсқаушылары қонақтармен шеберлік сыныбын көрсетті. Балалар музыка залында «Құмырсқа мен шегіртке» ертегісін рөлдерге бөліп сомдады. «Ұлт тірегі – ұлттық құндылықтарымыз» көрмесін тамашалады.

Семинарға директорлар, әдіскерлер, тәрбиешілер, мамандар қатысты. Барлығы 50 адам.