Размер шрифта:
«Информатика» пәнінің педагогтеріне арналған оқыту семинары
19-01-2024 16:24
«Информатика» пәнінің педагогтеріне арналған оқыту семинары

      2024 жылдың 19 қаңтарда Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы, Қарағанды облысының информатика мұғалімдері «Өркен» қауымдастығының мүшелерімен бірлесіп әдістемелік көмек көрсету, педагогтердің кәсіби дамуы және оқытудың белсенді нысандары мен әдістерін тиімді пайдалану бойынша тәжірибе алмасу арқылы олардың қажеттіліктерін ескере отырып, білім алушылардың пәндік құзыреттіліктерін жетілдіру мақсатында «Информатика» пәнінің педагогтеріне арналған оқыту семинарын өткізді.

Оқыту семинары барысында келесі тақырыптар қарастырылды:

- «Основы Html разработка web-страницы» -  Осакаров ауданы, «№15 ЖББМ» КММ Дик Алена Грегориевна  информатика пәні мұғалімі;

-«Развитие творческого потенциала учащихся через использование проектной деятельности» - Осакаров ауданы, «Абай атындағы тірек мектебі (РО)» КММ Карташова Светлана Ивановна  информатика пәні мұғалімі;

-  «Использование чат-ботов в образовании» - Осакаров ауданы, «№9 гимназия базасындағы тірек мектебі (РО)» КММ Зубрин Сергей Викторович, информатика пәні мұғалімі;

-     «Нәтижеге бағытталған білім беру -уақыт талабы» - Қарағанды қаласы, «С.Сейфуллин атындағы гимназия» КММ, Жексенбина Нургуль Бахарамовна информатика пәні мұғалімі., Қарағанды қаласы, «№27 ЖББМ» КММ Ахметова Мадина Сабитовна информатика пәні мұғалімі;

-  «Информатика пәнінен оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына бағыттау әдістері» -Қарқаралы ауданы «Қарағайлы кенті №16 ЖББМ» КММ Әділхан Назым Әділханқызы информатика пәні мұғалімі.