Размер шрифта:
«1000 мектеп» Республикалық жобаны іске асыру шеңберіндегі әдістемелік күн
19-01-2024 08:23
«1000 мектеп» Республикалық жобаны іске асыру шеңберіндегі әдістемелік күн

      Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылдың  19 қаңтарында әдістемелік көмек көрсету мақсатында «1000 мектеп» республикалық жобасын іске асыру жөніндегі жұмыс жоспарына сәйкес Теміртау, Шахтинск, Балқаш қалаларының мектептері үшін кезекті әдістемелік күнін өткізді.

Жұмыс барысында Балқаш қаласының әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ж.Б. Айнабекова «1000 мектеп» жобасына қатысатын Балқаш қаласының мектептерінің 2023-2024 оқу жылының (гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы) бірінші жартыжылдығындағы білім сапасының қорытындыларына сараптама жасады.

Шахтинск қаласының № 8 мектеп директорлары Л.И.Карпова және Теміртау қаласының № 8 мектеп директорлары Г.Е.Үсенова «Педагогтардың бір«3»немесе«4»бар және екінші тоқсанның қорытындысы бойынша үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс істеу жағдайы» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті.

Әдістемелік күннің қорытындысы бойынша білім сапасы төмендегенсыныптарды бақылауға алып, сабақтарға қатысу кестесіне енгізу ұсынылды.

Ұсыныстар жұмысқа қабылданды. Жобаға қатысушы мектептердің барлық директорлары әдістемелік күн тәртібінде қаралғанмәселелер бойынша ақпарат дайындады.

Қатысушылар: жобаға қатысушы мектептердің директорлары мен директорлардың орынбасарлары - 34.