«Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету арқылы кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»
23-01-2024 16:07
«Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету арқылы кәсіби  құзыреттіліктерін дамыту»

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мектепке дейінгі қызметкерлер қауымдастығының жоспарына сәйкес 2024 жылдың 23 қаңтарда Қарқаралы ауданы Көктас ауылының ЖББ №4 тірек мектебі (р.о) жанындағы «Балдырған» шағын орталығында «Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету арқылы кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында  онлайн семинар-практикум өткізілді. Семинарға ҚО ББД ОӘО әдіскері Бугубаева А.Д. жетекшілігімен Шет, Бұқар жырау, Нұра, Осакаров аудандарынан, сондай-ақ Қарағанды, Саран, Шахтинск, Теміртау, Балқаш қалаларынан мектепке дейінгі ұйым педагогтары  қатысты.

Семинардың мақсаты: жас мамандардың жүйелі түрде өз білімін көтеруге тарту және кәсіби біліктілігін шыңдау арқылы тәрбиеленушілерді оқыту мен тәрбиелеуде, оларды шығармашылық әрекетке  баулуда білім беру саласындағы жаңалықтарды, кәсіби біліктілігі мен теориялық білім деңгейін көтеру ісіне нақты ғылыми-әдістемелік көмек көрсету. Басты бағыты ұлттық құндылықтарды дәріптеуге негізделген семинар барысында шебер-сыныптары көрсетілді. Семинардың ашылуында психолог маманы «Танысу» тренингісін өткізіп, қатысушыларға жағымды көңіл-күй сыйлады.

            Әр педагог бекітілген жоспар бойынша шебер-сыныптарын ұсынды. «Ұлттық құндылықтар ұлтты құрметтеуден басталады» тақырып аясында мектепалды сынып балаларына арналған тапсырмалар көрсетілді. Барлық жасалған көрнекіліктер мен материалдар қолдан жасалып,әшекейленген. Бұл ретте жас мамандарға өз мүмкіндіктеріне сай заттарды жасау тиімді әрі пайдалы сонымен қатар, заманауи үлгіде жасау жолдары нұсқаулық ретінде көрсетілген.

            Келесі шебер-сыныпта «Асық терапиясының» бала өміріне пайдасы жайлы толық ақпарат беріліп, қалай? қай кезде? қолдана аламыз деген сұрақтардың төңірегінде қарастырылды. Асықтар арқылы  баланың ұсақ қол моторикасын дамыту, санауға, түрін, түсін ажыратуға, құрастыруға үйретуге болатыны жайлы балалармен жұмыс түрлері көрсетілген болатын.

Семинар барысында жас мамандар білім беру мен тәрбиелеу кезінде ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, бала бойында алғашқы білім дәнін егеді. Қол астындағы бар заттардан да қаншама бала дамуына әсер ететін ойын-құралдарын жасауға болатынын дәлел етпекпіз. Жас мамандардың бұл семинардан алары көп болды деген үміттеміз.

Заман талабына сай технологияның қарқынды дамып жатқан кезде осы орайда біз «QR-код заман талабы» атты шебер-сыныбымызды да ұсынған болатынбыз. Бұл ретте QR-код мектепке дейінгі ұйымға керек пе? Деген сұрақтан бастау алды.  Тәрбиеленушілерге емес, жас мектепке дейінгі ұйым педагогтарына қазіргі заманауи технологияның бірі десекте болады.  Ертегілер жинағын, мобильді кітапхана құруда, ұлттық бұрыш жасауда, ойындардың түрлері жинақтауда маңызы зор екенін атап өттік. Әр педагог өз бетінше осындай заман талабына сай QR-код жасап, оны тәжірибиеде қолданса деген ойдамыз.

Жас педагогтар алған білімдерін практикада қолдана алады және педагогикалық қызметке жұмыстың жаңа түрлерін енгізе алады. Кездесу жылы достық атмосферада өтті, жағымды әсер қалдырды, пайдалы ақпарат пен жағымды энергияға толы болды.

Сонымен қатар, басқа өңірлерден қатысып отырған  жас әріптестермен қарым-қатынас жасауға, жұмыстағы қызықты сәттерді талқылауға тамаша мүмкіндік берілді. Жұмыс соңында психолог маман семинарға қатысушыларды ойын арқылы рефлексия жүргізілді.