Педагог-психологтарға арналған «Педагогтердің кәсіби және эмоционалдық күйзелісінің алдын алу» практикалық вебинары
2024 жылдың 24 қаңтарында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы педагог-психологтар қауымдастығының жұмысы шеңберінде практикалық вебинар өткізді. Оның барысында қатысушылар кәсіби және эмоционалды күйзелісінің белгілерін, қиындықтарын, салдарын анықтап, сондай-ақ тренингтік жаттығулар ұсынды.
Вебинар спикерлері – Осакаров ауданының педагог-психологтары: Лотц Марина Руслановна, «№2 жалпы білім беретін мектеп» КММ және Сорокина Оксана Ивановна, «№16 жалпы білім беретін мектеп» КММ.