2016 жылдың 24 наурызында Ақтоғай ауданында «Түлек-2016» акциясы өз жұмысын бастады.
24-03-2016 12:32
2016 жылдың 24 наурызында Ақтоғай ауданында «Түлек-2016» акциясы өз жұмысын бастады.

       2016 жылдың 24 наурызында Ақтоғай ауданында «Түлек-2016» акциясы өз жұмысын бастады. К.Байсейітова, Ә.Бөкейхан атындағы және Шашубай кентіндегі  ЖББОМ базасындағы тірек мектептерінде (РО) магниттік мектептердегі оқушылардың қатысуымен өтті. Сарышаған кентіндегі ЖОББМ 19 түлек ҰБТ-ге өз білім ұясында дайындалды. Барлығы аудан бойынша 110 оқушы қатысты. К.Байсейітова, Ә.Бөкейхан атындағы тірек мектептерінде (РО) консультациялық сабақтарды Жамбыл атындағы ММИ мұғалімдері жүргізді: тарих пәнінен Б.Қ.Баймұқатова, орыс тілі пәнінен Г.І.Бекболатова, математика пәнінен Г.І.Бекболатова, физика пәні А.Сулейменова. Сабақтарға мұғалімдермен қоса ата-аналар да қатысты.Жамбыл атындағы ММИ мұғалімдері әріптестері арасында іс-тәжірибелерімен бөлісіп, ата-аналарға кеңес берді. Бар білімді тереңдетуге септігін тигізген және мазмұны мен  мұғалімдердің шеберлігі жағынан ерекшеленген сабақтарды акцияға қатысушылар  жоғары бағалады. Акция барысында түлектер мұғалімдерімен бірге Ақтоғай ауданында орналасқан археологиялық өлкетану мұражайына барды және волейбол, теннис ойындары бойынша жарыстарға қатысты.