Жігер» жастар қозғалысының аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында облыстық жарыссөз (дебат) турнирі
29-03-2016 12:38
Жігер» жастар қозғалысының аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында облыстық жарыссөз (дебат)  турнирі

           Қарағанды облысы білім беруді дамытудың  оқу-әдістемелік орталығы наурыздың 28-29 жұлдызында «Жігер» жастар қозғалысының аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында облыстық жарыссөз (дебат)  турнирін өткізді.

         Жарыссөз турнирі мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойына арналды.

         Ә. Бөкейханов – ұлт-азаттык және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, негізін қалаушы, ғалым, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, заңгер, экономист, публицист.

         Қазақ қоғам қайраткерінің мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтуде.

         Іс-шараХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялы қауымының көрнекті өкілі Ә. Бөкейхановтың шығармашылық мұрасын әйгілеу, жас ұрпаққа таныту мақсатында өткізілді.

         Жарыссөз турниріне Қарағанды облысының 24 колледжінен 28 команда қатысты. Жарыссөз турнирі мемлекеттік тілде және орыс тілінде американды-парламенттік үлгіде жүргізілді.

Қазақ лигасының резолюциялары:

     -   Бұл палата қазіргіге қарағанда  болашақта Ә. Бөкейхановтың білім, мәдениет саласына қосқан үлесін барынша жақсы бағалайтын болады деп есептейді/есептемейді.

     -   Бұл  палата ҚазАКСР автономиясы құрылғаны ақталды деп есептейді./есептемейді (20 ғасыр)

     -   Бұл палата  Ә. Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойын барша Қазақстан халқы болып атап өту жолдарын ұсынады.

     -   Бұл палата А.Бөкейхановтың мұралары жақсы зерттелді деп есептейді/есептемейді

     -   Бұл палата Ә. Бөкейханов қаламгерліктен гөрі педагогтік қызметпен көбірек айналысқан деп есептейді/есептемейді.

Жарыссөз турнирінің қорытындысы бойынша жүлделі орындарға келесі командалар жайғасты, «Казақ лигасы»:

1        орын - Қарағанды тау-кен-индустриалды колледжінің «Алаш арландары» командасы

2        орын Жезқазған политехникалық колледжінің «Өмір таразы» командасы

3        орын -  Қарағанды гуманитарлық колледжінің «Алаш» командасы

Үздік спикер атағын Қарағанды гуманитарлық колледжінің студенті Амангельдиева Акнур иеленді.

Орыс лигасы:

1 орын - Абай көп салалы колледжінің «Памяти А. Гунца» командасы

2 орын - Теміртау техникалық колледжінің «Лобби» командасы

3 орын - Қарағанды тамақтану және сервис колледжінің «Cake story»  командасы.                                                                                          

Төрешілер үздік спикер атағына Теміртау индустриалды-технологиялық колледжінің студенті Елефтериади Савеллий лайық деп таныды.