«Математикалық регата - 2024» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі
Қарағанды облысының білім басқармасымен, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2024 жылдың 26 қаңтарында «Дарын» ММЛИ базасында математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты: математика пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру және жетілдіру.
Олимпиада төрт тур бойынша өткізілді. Әрбір тур үш тапсырмадан тұрады. Бірінші тапсырма – математикалық анализ негіздерінен немесе алгебрадан, екінші тапсырма – геометрия, үшінші тапсырма – логикалық, комбинаторлық немесе «сандық» тапсырмалардан тұрды.
Қарағанды облысы бойынша олимпиадаға 20 команда қатысты.
Олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
1 орын: «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының математика пәні мұғалімдерінің «1465» командасы (Максутова Нурсара Мукатаевна, Аймаганбетова Бейбигуль Сериковна, Губерт Алла Сергеевна, Қыдырбайқызы Гүлвира).
1 орын: «Мұрагер» және Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының математика пәні мұғалімдерінің «Топ - 1» командасы (Дуйсебаева Данагуль Ораловна, Салиева Карлыгаш Сериковна, Салиев Ерсултан Нурланулы, Ильясов Акниет Дарханович).
3 орын: Саран қаласы математика пәні мұғалімдерінің «Константа» командасы (Медведева Наталия Викторовна, Коряка Наталья Васильевна, Борзых Игорь Васильевич, Жаппарова Айнур Жолдыбаевна).