Размер шрифта:
«Табыс симфониясы» педагогикалық шеберлік байқауының үшінші және төртінші кезеңдерінің қорытындысы шығарылды
26-01-2024 15:15
«Табыс симфониясы» педагогикалық шеберлік байқауының үшінші және төртінші кезеңдерінің қорытындысы шығарылды

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 24-26 қаңтарда «Табыс симфониясы» орыс тілі мен әдебиетінің жас педагогтары байқауының үшінші және төртінші кезеңдерінің қорытындысын шығарды. Үшінші кезеңде бейнесабақтар байқауына орыс тілі мен әдебиетінің 14 жас педагогы қатысты. Мұғалімдер қазылар алқасының назарына байқау ережесінде ұсынылған критерийлерге сәйкес бағаланған бейнесабақтарды ұсынды. Байқаудың үшінші кезеңінде келесі мұғалімдер ең жоғары балл жинады:

Умбетова Тлеукул Есентаевна, Балқаш қ. «Абай атындағы №2 мектеп-лицейі» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

Абилова Анар Болатовна, Теміртау қ. «№24 ЖББМ» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

Сарсенбаева Айгерим Жұмабайқызы, Бұқар - Жырау ауданының «Көкпекті ОМ» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Төртінші кезеңде қалыпты емес жағдайлар байқауына орыс тілі мен әдебиетінің 10 жас педагогы қатысты. Жас педагогтар проблемалық педагогикалық жағдайға өз көзқарастарымен бөлісіп, шешімін ұсынды. Қазылар алқасының мүшелері қатысушылардың сөйлеу сауаттылығын, қалыптасқан педагогикалық жағдайдан шығудың жолын таба білуін, педагогикалық мәселені шешу кезінде жауаптың дәлелденуін, сұрақтарға жауаптың толықтығы мен тереңдігін бағалады. «Табыс симфониясы» байқауының төртінші кезеңінде келесі қатысушылар үздік атанды:

Жаманова Айша Булатовна, Теміртау қ. «№20 мектебі» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

Вицу Маргарита Александровна, Қарағанды қ. «№32 ЖББМ» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

Булкина Ангелина Евгеньевна, Шахтинск қаласының «№7 ЖББМ» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Байқаудың келесі кезеңіне өткен қатысушыларды құттықтаймыз.