«Жасөспірімдер қалай вейптің құрбаны болады» тақырыбында вебинар
26-01-2024 16:27
«Жасөспірімдер қалай вейптің құрбаны болады» тақырыбында вебинар

2024 жылғы 26 қаңтарында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы әлеуметтік педагогтарға, жалпы білім беру ұйымдарының 7-10 сыныптарының сынып жетекшілеріне арналған вебинар өткізді.

Вебинар барысында жасөспірімдер ортасында вейптерді қолдану, жасөспірімдердің мінез-құлық психологиясы және кәмелетке толмағандар арасындағы тәуелділіктің алдын алу мәселелері қаралды. Сондай-ақ, тыңдаушылар алдын-алу жұмысының бір түрі ретінде жобалық қызметтің нәтижелерімен танысты.

Вебинар спикерлері: Базархан Бахатгул, Теміртау қаласы «№2 жалпы білім беретін мектеп» КММ педагог-психологы; Мейрамова Жанар Дүйсенбекқызы, «Сарыарқа Дарыны» РҒПО» КММ Қарағанды облысының білім беру ұйымдарында оқушыларды әлеуметтендіруді әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу зертханасының әдіскері; Кадина Юлия Владимировна, Шахтинск қаласы «№11 жалпы білім беретін мектеп» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.