2024 жылдың 29 қаңтары күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «1000 мектеп» республикалық жобасына енген Ақтоғай, Шет аудандары білім беру ұйымдарының директорлары, директор орынбасарлары, биология пәнінің мұғалімдері үшін әдістемелік күн өткізілді. Әдістемелік күн барысында «Критериалды бағалау – оқу үдерісінде басты фактор» тақырыбы қарастырылды. Барлығы 20 педагог қатысты.
Әдістемелік күн барысында келесі педагогтер өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті:
Сулейманова Гульжазира Омирзаковна, Қарағанды облысында ББД оқу-әдістемелк орталығының әдіскері, ментор
Алтыгаринова Ардақ Есенгельдиевна, «Бекет негізгі орта мектебі» КММ директоры;
Желдыбай Салтанат Оралканкызы, «Абай атындағы мектеп-интернат» КММ директоры;
Тукбаева Зауре Исенгельдиевна, Қарағанды облысында ББД оқу-әдістемелік орталығының әдіскері, ментор
Балапанова Құндыз Сериковна, Қарағанды қаласы «С.Сейфуллин атындағы гимназия» КММ биология пәнінің мұғалімі.