Размер шрифта:
Республикалық «1000 мектеп» жобасына енген Нұра, Осакаров ауданының білім беру ұйымдарымен әдістемелік күн
25-01-2024 15:21
Республикалық «1000 мектеп»  жобасына енген  Нұра, Осакаров ауданының білім беру ұйымдарымен   әдістемелік күн

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 25 қаңтар онлайн форматта Республикалық «1000 мектеп» жобасына енген Нұра, Осакаров ауданының білім беру ұйымдарымен әдістемелік күн өткізілді. Әдістемелік күнге мектеп директорлары, директор орынбасарлары және орыс тілі және әдебиеті  пән мұғалімдері  қатысты.

Әдіскер-тәлімгерлер оқу жылының  І жартыжылдығы бойынша берілген есептерге талдау жасады. Оқу-әдістемелік орталығының  мектепке дейінгі және жалпы орта  білім беру бөлімінің әдіскері Цой Ксения Петровна педагогтерді орыс тілі мен әдебиеті пәнінен білім сапасының салыстырмалы талдауымен таныстырды.  Қарағанды ​​қаласы «№66 мектеп-лицейі» КММ бастауыш сынып мұғалімі М.В. Гелашвили жазбаша сөйлеуді дамыту бойынша пропевдикалық жұмысты жүргізужәне 5-11 сыныптарда эссе жазу дағдыларын жетілдіру тәжірибесімен бөлісті.

Әдістемелік күнде мұғалімдер «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша және екінші жартыжылдықтағы мектепшілік бақылауды ұйымдастыру жоспары бойынша сұрақтарына жауап алды.