Размер шрифта:
«АУЫЛ - ҚАЛА» ОБЛЫСТЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ
30-01-2024 16:52
«АУЫЛ - ҚАЛА»  ОБЛЫСТЫҚ  ЖОБАСЫНЫҢ  ЖҮЗЕГЕ  АСЫРЫЛУЫ

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 30 қаңтар  күні «Ауыл-қала»   жобасын жүзеге асыруда  «Дарын»  мамандандырылған  мектеп-лицей интернатының атқарылған жұмыстары, нәтижесі»  тақырыбында  облыстық   семинар    өткізілді.

           «Ауыл  мен  қала мектептері  арасындағы  білім  беру сапасындағы  алшақтықты  қысқарту, облыстық  мамандандырылған  мектеп

интернаттарының  ауыл  мектептеріне   әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету» мақсатында семинар бағдарламасына сәйкес «Дарын»  мамандандырылған мектеп-лицей  интернаты жобаны жүзеге асыруда Қарқаралы ауданының педагогтері мен білім алушылары үшін жоспарлы атқарған жұмыстары және нәтижесі     бойынша директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Қыдырбайқызы Г., қазақ тілі және әдебиеті пәні  мұғалімі Аубакирова Г.З. «Кел, балалар, оқылық!» кітап оқу челленджі бойынша  атқарылған жұмыстардың барысымен таныстырып, іс-тәжірибелерімен  бөлісті. Қарқаралы  ауданының  әдістемелік  кабинет меңгерушісі Мусилимов К.Ж. жоба аясында  аудан бойынша білім сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралардың ұйымдастырылуымен  таныстырды.  

           Жобаны жүзеге асыру барысында кездескен мәселелер және оларды шешу жолдары белгіленді. Семинар қорытындысында қатысушылар семинардың  өзектілігіне  тоқталып, ұсынылған  жұмыстар  бойынша  оң  пікірлер айтылды.    

             Семинарға  барлығы 56  педагог  қатысты.