Размер шрифта:
«Директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған әдістемелік ұсынымдарды» әзірлеу мәселесі бойынша жұмыс тобының отырысы
30-01-2024 16:43
«Директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған әдістемелік ұсынымдарды» әзірлеу мәселесі бойынша жұмыс тобының отырысы

2024 жылдың 30 қаңтарында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығыныңбазасында «Директорлардың оқу

ісі жөніндегі орынбасарларына арналған әдістемелік ұсынымдарды» әзірлеу мәселесі бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Отырыс шеңберінде «Директорлардың оқу ісіжөніндегі орынбасарларына арналған әдістемелік ұсынымдар» жобасының қорытынды нұсқасы талқыланды.

Жұмыс тобының мүшелері барлық алдыңғы ұсынымдар мен ұсыныстарды ескере отырып, жоба бөлімдерін таныстырды.

«Қарағанды облысында білім беруді дамытудың  оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК директорының орынбасары Т.Г. Нартова ғылыми әдістемелік кеңесте әдістемелік өнімді ресімдеу және қорғау бойынша ұсынымдар айтты.

Отырыс қорытындысында қорытындылар шығарылып, ұсыныстар мен ұсынымдар енгізілді.

Отырысқа директордың оқу жұмысы жөніндегі 8 орынбасары және жұмыс тобының мүшелері қатысты.