Размер шрифта:
«Театрландырылған қойылым арқылы балалардың шығармашылық қабілеттері мен тілін дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел
30-01-2024 16:49
«Театрландырылған қойылым арқылы балалардың шығармашылық қабілеттері мен тілін дамыту»  тақырыбында дөңгелек үстел

2024 жылдың 30 қаңтарында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы білім беру ұйымдарының театрландырылған үйірме жетекшілеріне «Театрландырылған қойылым арқылы балалардың шығармашылық қабілеттері мен тілін дамыту»  тақырыбындадөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге Тришин Дмитрий Сергеевич, Қарағанды қаласы «№2 балалар өнер мектебі» КМҚК, театрландырылған-музыкалық бөлімшесінің педагог-сарапшысы, режиссер, Тарасова Татьяна Петровна, Қарағанды қаласы «№2 балалар өнер мектебі» КМҚК, театрландырылған-музыкалық бөлімшесінің педагог-концертмейстері; Ким Вера Владиславовна, Қарағанды қаласы «Оқушылар сарайы КМҚК, «Брависсимо» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының жетекшісі; Марычева Марина Михайловна, Қарағанды қаласы «№1 балалар өнер мектебі» КМҚК, театр мен музыка бөлімшесінің оқытушысы театрландырылған қойылымдардың түрлері мен тәсілдері, актерлық шеберлікке арналған жаттығулар, тренингтер көрсетіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті.