Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында сын тұрғысынан ойлаудың тұжырымдамасы мен қолдануына заманауи тәсілдер
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 31 қаңтарда орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері үшін «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында сын тұрғысынан ойлаудың тұжырымдамасы мен қолдануына заманауи тәсілдер» атты нетворкинг өткізді. Нетворкинге Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Цой Ксения Петровна және Теміртау қаласының «Б.Момышұлы атындағы МЛ» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Филатова Светлана Ивановна баяндама жасады. Семинарға Қарағанды облысының орыс тілі мен әдебиетінің 95 мұғалімі қатысты.