2024 жылдың 1 ақпан күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Табыс формуласы» облыстық жобасына қатысушы білім беру ұйымдары үшін әдістемелік күн өткізілді.
Әдістемелік күннің күн тәртібіне сәйкес білім беруді дамытудың оқу –әдістемелік орталығы директорының орынбасарыНуртазина Майра Бахытовна «Заманауи сабақты талдау критерийлері» тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Толеубаева Гульнария Аннасовна нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес сабаққа талдау жасау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Әдістемелік күн барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.
Әдістемелік күнге Абай, Бұқар жырау, Қарқаралы аудандарынан жобаға енген тиімді жұмыс режиміндегі және қолдау көрсететін білім беру ұйымдарының директорлары, орынбасарлары барлығы 52 педагог қатысты.