Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 01 ақпанда онлайн форматта Республикалық «1000 мектеп» және облыстық «Жетістік формуласы» жобаларына енген Нұра, Осакаров аудандарының білім беру ұйымдарымен әдістемелік күн өткізілді. Әдістемелік күнге мектеп директорлары, директорларының орынбасарлары, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері және аудандық білім бөлімдерінің жауапты әдіскерлері қатысты.
ҚО ББД ОӘО әдіскері Жаркеева Г.Б. педагогтерді қазақ тілі, қазақ әдебиеті және оқыту орыс тіліндегі қазақ тілі мен әдебиеті (Т2) бойынша білім сапасының салыстырмалы талдауымен таныстырды және «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиет» пәндерінен 5-8, 10 сыныптарда емтихан жұмыстарын өткізу туралы мәлімет берді. Қарағанды қаласы «Шәкәрім атындағы гимназиясы» КММ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері Ассоциациясының төрағасы, қазақ тілі мұғалімі Кубекова К.Т. «Мақсат. Тапсырма. Бағалау» тақырыбында тәжірибесімен алмасты.
Әдістемелік күнге 60-қа жуық адам қатысты.