Размер шрифта:
Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқытудың белсенді әдістерін қолдану
01-02-2024 16:03
Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқытудың белсенді әдістерін қолдану

2024 жылғы 1 ақпанда Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің қауымдастығымен бірлесіп орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқытудың белсенді әдістерін қолдану» тақырыбында семинар өткізді.  Семинарда
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Цой Ксения Петровна,
«Н.Нұрмақов атындағы ММЛИ» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,  Қарағанды облысының орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері қауымдастығының төрағасы С.М.Цемох;
Қарқаралы ауданы, «Көктас ауылының № 4 ЖББМ базасындағы тірек мектебі (ТМ)» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сарсекеева Айтжан Каппасовна;
«Шахтинск қаласының №4 ЖББМ» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Руш Татьяна Николаевна, Шет ауданының «Босаға ЖББМ» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Смагулова Алмагуль Омрбековна, Қарағанды қаласының «М.Жұмабаев атындағы гимназиясы» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Акбаева Бақыт Кулжанбековна сөз сөйледі.
Семинарға Қарағанды облысының 50-ден астам орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері қатысты.