Размер шрифта:
Қарағанды қаласы педагогтерінің инклюзивті практика тәжірибесін жинақтау және тарату бойынша облыстық семинар
02-02-2024 17:38
Қарағанды қаласы педагогтерінің инклюзивті практика тәжірибесін жинақтау және тарату бойынша облыстық семинар

2 ақпанда «№2 оқушылар сарайы» КММ базасында Қарағанды қаласы педагогтерінің инклюзивті практика тәжірибесін жинақтау және тарату бойынша облыстық семинар өтті. Іс - шараға білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, директорлардың орынбасарлары, арнайы педагогтер, педагог -  ассистенттер, колледж педагогтері қатысты.
Пленарлық бөлімде Қарағанды қ. білім беру ұйымдарында инклюзивті оқыту мен кадрларды даярлауды іске асыру, білім берудің сабақтастығы және колледждермен әлеуметтік әріптестік мәселелері қаралды.
Тәжірибелі педагогтер «Балаларды үйде жеке оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері», «Инклюзияны қолдау кабинеті мамандарының командалық өзара іс - қимылы», «Балаларды психологиялық - педагогикалық сүйемелдеудегі педагог - ассистенттің рөлі» бағыттары бойынша секциялардың жұмысы барысында қатысушылармен ЕББҚ бар балалармен жұмыс істеу әдістерімен бөлісті, шеберлік сыныптар, тренингтер өткізді.
Сондай-ақ колледж педагогтерімен бірлесіп әдістемелік өнімдер мен әртүрлі техникада орындалған оқушылардың шығармашылық жұмыстары ұсынылған көрмелер ұйымдастырылды.
Семинарды өткізу қатысушыларға ашық диалогта ЕББҚ бар балаларды оқытуда туындайтын проблемаларды талқылауға, сындарлы ұсыныстармен алмасуға және жаңа кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік берді.