Бұқар Жырау, Нұра, Осакаровка аудандарының орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне, «1000 мектеп» жобасына кірген мектептердің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Отбасылық оқу кітапханасы» жобасын іске асыру аясында жұмыс тәжірибесімен бөлісу.
02-02-2024 18:24
Бұқар Жырау, Нұра, Осакаровка аудандарының орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне, «1000 мектеп» жобасына кірген мектептердің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Отбасылық оқу кітапханасы» жобасын іске асыру аясында жұмыс тәжірибесімен бөлісу.

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Бұқар Жырау, Нұра және Осакаровка аудандары мектептерінің, «1000 мектеп» республикалық жобасына кірген мектептердің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне «Отбасылық оқу кітапханасы» жобасын іске асыру аясында тәжірибесімен бөлісу-семинарын өткізді. Жобаның мақсаты: өскелең ұрпақтың құндылық бағдарларын нығайту арқылы отбасылық оқуды жандандыруға ықпал ету. Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Цой Ксения Петровна «Отбасылық оқу кітапханасы» облыстық жобасының іске асырылуы туралы, Қарағанды қаласының 90 жылдығына арналған «О тебе, моя Караганда» оқырмандар байқауы туралы айтты. Жобаны іске асыру аясында педагогтар «Нұра ауданының «А.Байтұрсынов атындағы тірек мектебі (ТМ)» КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Карибаева Гульмира Назкеновна, Бұқар-Жырау ауданының «Тұзды ЖББМ» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сейтова Диана Вахитовна; Осакаровка ауданының «№12 тірек мектебі (ТМ)» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алексеева Елена Александровна тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға Қарағанды облысының 80-нен астам орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері қатысты.