Размер шрифта:
«Табыс формуласы» облыстық жобасына енген Шет ауданы білім мекемелеріне арналған әдістемелік күн
05-02-2024 08:56
«Табыс формуласы» облыстық жобасына енген Шет ауданы білім мекемелеріне арналған әдістемелік күн

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылдың ақпан айының 5-і күні ZOOM платформасында «Табыс формуласы» облыстық жобасына енген Шет ауданы білім мекемелеріне арналған әдістемелік күн өткізді.

Әдістемелік күнде келесі мәселелер талқыланды:

  • Он үш білім мекемесі бойынша білім сапасына жалпы талдау;
  • Білім беру мазмұнын сапалы біліммен қамтамасыз ету бойынша басшылыққа алынатын нормативтік құжаттар;
  • 2023-2024 оқу жылы 1,2 тоқсан білім сапасына салыстырмалы талдау. Жалпы және негізгі пәндер облыс бойынша;
  • Магнитті мектептермен жұмыс жоспары. Мәселелерді шешу жолдарын ұсыну бойынша көрсетілген әдістемелік көмек туралы;
  • Ашық микрофон: Ұсыныстар.

Әдістемелік күнге «Табыс формуласы» облыстық жобасына енгендиректорларының орынбасарлары қатысты.