«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстың тиімді әдістері» тақырыбында іс-тәжірибені тарату бойынша семинары
07-02-2024 13:06
«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстың тиімді әдістері» тақырыбында іс-тәжірибені тарату бойынша семинары

2024 жылдың 07 ақпанында оқу-әдістемелік орталығы директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен әлеуметтік педагогтерге арналған семинар өткізді. Семинар барысында қалалық білім бөлімінің әдіскері А.Ж. Нуржанова Теміртау қаласының жалпы білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыс туралы ақпарат берді. Семинар спикерлері директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары: Е.И. Козлова, «№1 гимназия» КММ; А.А. Глущенко, «№27 жалпы білім беретін мектебі» КММ; Л.А. Байханова, «№10 жалпы білім беретін мектебі» КММ;

Педагог-психологтар: М.А. Крылова, «№27 жалпы білім беретін мектебі» КММ; Г.Б. Нурсеитова, «Қыздар гимназиясы» КММ және әлеуметтік педагог Т. А. Изюрова, «№24 жалпы білім беретін мектебі» КММ іс-тәжірибесімен бөлісті.

«SOS Теміртау балалар ауылы» МЕББМ директорының орынбасары С.И. Рахманенко ынтымақтастық тәжірибесін ұсынды.