Размер шрифта:
Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру процесіне «Ізденімпаздарға арналған керемет ғылым» жобасын енгізу
07-02-2024 14:11
 Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру процесіне «Ізденімпаздарға арналған керемет ғылым» жобасын енгізу

      Қарағанды облысының білім беру жол картасы аясынды Қарағанды облысында оқу - әдістемелік орталығы 2024 жылғы 07 ақпанда «Ізденімпаздарға арналған керемет ғылым» тақырыбында орнатушылық семинар -практикумын өткізді. Педагогтардың ғылыми қарым -қатынас құру қабілеттерін дамыту, бастапқы кезеңін жариялай отырып талқылау, қатысушыларды жоба аясындағы өзекті мәселелермен таныстыру семинардың мақсаты болып табылды.

Қатысушыларға жобаның мақсат, міндеттері ұсынылды. Сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеудегі жаңа әдіс -тәсілдер көрсетілді, оның ішінде: зерттеу және эксперименттеу әрекетінде мәселелік жағдаят жасау, тәжірибелік -эксперименттік әрекет барысында геометриялық көлемді денелерді (Додекаэдр,икосаэдр, октаэдр) қолдану, «Ізденімпаздарға арналған керемет ғылым» жобасы бойынша әлеуметтік желі парақшалары мен ақпараттық стенд жүргізу, «Ескі қамалдағы той» түрінде тәжірибелік жұмыс жүргізу болды.

Аталмыш шараның соңында педагогтар жобаны қалай іске асыруға болады дегенге өз көзқарасымен «Өзгеріс кітабы» рефлексиясында бөлісті. Қарағанды, Шахтинск, Саран, Балқаш, Теміртау қалаларынан, Ақтоғай, Бұқар Жырау, Қарқаралы аудандарынан келген жобаға қатысушылар саны 30-дан асты.