2024 жылдың 08 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының басшылығымен педагогтердің кәсіби шеберлік деңгейін арттыру және өзіндік зерттеу құзыреттілігін дамыту үшін педагогтердің өзін-өзі тәрбиелеу қызметінің қажеттілігін түсінуіне жәрдемдесу мақсатында «Даму» шеберлер мектебі» жобасын іске асыру шеңберінде облыстық семинар өтті. Семинардың барысында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК директорының орынбасары Нартова Татьяна Георгиевна «Педагогтың зерттеу қызметі: негізгі аспектілері және практикалық қолданылуы» тақырыбында, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері Зубарева Ирина Александровна «Колледж педагогының кәсіби дамуындағы зерттеу қызметінің рөлі» тақырыбымен, сондай-ақ, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК білім беру мазмұнын талдау және стратегиялық дамыту бөлімінің меңгерушісі Мухамедьярова Айгуль Зейнулаевна «Озық педагогикалық тәжірибені жалпылау (трансляциялау) нысандары мен әдістері» тақырыбы бойынша сөз сөйледі
Бұдан әрі бекітілген бағдарламаға сәйкес Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжінің педагогтері өз тәжірибелерімен бөлісті:
Капанова Ирина Хамзеевна, директорың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, педагогикалық пәндер оқытушысы, «Колледж педагогтерінің жобалау-зерттеу қызметін ұйымдастыру мәселелері» тақырыбында сөз сөйледі;
Омарова Айгуль Кайрбековна, педагог-зерттеуші, заң пәндерінің оқытушысы, «Колледж жағдайындағы педагогтың жеке жобалау-зерттеу қызметі» атты баяндама жасады.
Семинар қорытындысында семинар қорытындысы шығарылды, ұсыныстар берілді.
Семинарға облыс колледждерінің «Педагог-зерттеуші» және «Педагог-шебер» біліктілік санаты бар 102 педагогы қатысты.