Размер шрифта:
Республикалық «1000 мектеп» және облыстық «Жетістік формуласы» жобаларына енген Нұра, Осакаров аудандарының білім беру ұйымдарымен әдістемелік күн
08-02-2024 10:57
Республикалық «1000 мектеп» және облыстық «Жетістік формуласы» жобаларына енген Нұра, Осакаров аудандарының білім беру ұйымдарымен әдістемелік күн
            Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік
орталығының жоспарына сәйкес 08 ақпанда онлайн форматта Республикалық
«1000 мектеп» және облыстық «Жетістік формуласы» жобаларына енген Нұра,
Осакаров аудандарының білім беру ұйымдарының бастауыш білім беру
педагогтерімен әдістемелік күн өткізілді.
            ҚО ББД ОӘО әдіскері Айтжанова Ж.А. педагогтерді бастауыш білім беру
бойынша негізгі пәндердің 2024 жылдың І,ІІ тоқсанындағы білім сапасының
салыстырмалы талдауымен және облыстық жобалармен таныстырып, атқарылып жатқан жұмыстар бойынша мәлімет берді.
           Қарағанды қаласы Абай атындағы гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Есенжолова Накып Кокенаевна «Логикалық есептердің шығарылу жолдары» тақырыбында, Теміртау қаласы Тоқтар Әубәкіров атындағы гимназия жеке меншік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Бегун Ольга Александровна
«Решение задач на переливание, пересыпание методом математический бильярд» тақырыбында тәжірибелерімен бөлісті.
           Әдістемелік күнге 80-ге жуық адам қатысты.