Мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының педагог-психологтарының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы
13-02-2024 10:51
Мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының педагог-психологтарының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы

      2024 жылдың 13 ақпанында Қарағанды облысындабілім беруді дамытудыңоқу-әдістемелік орталығы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселелері бойынша педагог-психологтардың теориялық және практикалық құзыреттіліктерін арттыру мақсатында облыстық әдістемелік бірлестіктің отырысын өткізді.

Отырыс барысында функционалдық сауаттылық мәселесі уақыттың басты талабы екендігі қарастырылып,қатысушылар PISA-ның 2023 жылғы халықаралық зерттеуінің нәтижелерімен танысты.

Сондай-ақ, «Жаһандық құзыреттілік»курсы сабақтарының практикалық мүмкіндіктері, функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың психологиялық негіздері, оларды жеңудің қиындықтары мен жолдары талқыланды.