Размер шрифта:
«ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ» РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚТАР МЕН ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕП ПЕДАГОГТАРЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР
15-02-2024 10:20
«ЗАМАНАУИ  ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ  ОҚУ  ПРОЦЕСІНДЕ  ҚОЛДАНУ  АРҚЫЛЫ  БІЛІМ  САПАСЫН  АРТТЫРУ» РЕСУРСТЫҚ  ОРТАЛЫҚТАР МЕН ШАҒЫН  ЖИНАҚТЫ  МЕКТЕП  ПЕДАГОГТАРЫНЫҢ  ТӘЖІРИБЕСІ    ОБЛЫСТЫҚ  СЕМИНАР

      2024 жылдың 15 ақпан күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Заманауи технологияларды оқу процесінде қолдану арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

          «Инновациялық технологияларды білім беру процесінде қолдану арқылысапалы білімге қол жеткізу» мақсатында ұйымдастырылған семинарда Бұқар жырау ауданының әдіскері және Ресурстық орталықтар мен шағын жинақты мектептің педагогтері іс – тәжірибелерімен бөлісті:   

  • «Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану - білім сапасын арттырудың жолы»,Канатбаева М.Т, Бұқар жырау ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинет әдіскері;
  • «География сабағында «BYOD» технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру», Мухтарова Д.С, «С.Торайғыров атындағы тірек мектебі (РО)»КММ педагог-зерттеуші санатты география пәні мұғалімі;
  • "Эффективные приемы устной работы при проведении урока математики", Шаймерденова Г.Е, «Үштөбе тірек мектебі (РО)» КММ педагог-зерттеуші санатты математика пәні мұғалімі;
  • "Развитие функциональной грамотности – залог повышения качества знаний учащихся на уроках русского языка и литературы в классах с казахским языком обучения», Алькулова Д.Е, «Талғат Бигелдинов атындағы ЖББМ» КММ педагог-зерттеуші санатты орыс тілі мен әдебиеті;
  • «Білім беруде жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі», Дарменбаева С.К, «Ақөре НОМ» КММ педагог-модератор санатты информатика пәні мұғалімі;
  • «Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияларды пайдалану», Жумагулова Ж.С, «Амангелді ЖББМ» КММ ағылшын тілі пәні мұғалімі.

              Семинар барысында қатысушылар сұрақтар қойып, ұсынылған жұмыстар бойынша оң  пікірлер айтылды.    

          Семинарға барлығы 170 педагог қатысты.