Размер шрифта:
Дарынды балаларға – талантты ұстаз
12-02-2024 15:45
Дарынды балаларға – талантты ұстаз

      Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылдың 12 ақпан күні «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.

Педагогикалық олимпиаданың негізгі мақсаты – жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге мұғалімдердің кәсіби көзқарасын қалыптастыру.

Олимпиада мазмұны педагогикалық зерттеу қызметінің шеберлігін, педагогикалық білім беруді, педагогтің жеке кәсіби маңызды қасиеттерін көрсете алатын конкурс тапсырмаларын қарастырды.

Педагогикалық олимпиадаға аймақтық кезеңнің жеңімпаздары (еңбек өтілі 5 жылдан аспаған педагогтер, психологтар, тәлімгерлер) қатысты. Өтініш бергендер саны: 25.

Педагогикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары:

Педагогтер:

1 орын- Караталова Зарина Сериковна, Балқаш қаласы «Б.Момышұлы атындағы ЖББМ» КММ биология пәнінің мұғалімі

2 орын- Рахат Ислам Рахатович, Теміртау қаласы «№20 мектеп-лицейі» КММ тарих пәні мұғалімі

3 орын-Береславская Ирина Анатольевна, Шахтинск қаласы «Евней Бөкетов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ көркем еңбек пәнінің мұғалімі

Педагог-психологтер:

1 орын-Эпп Гарри Артурович, Қарағанды қаласы «№51 қосымша білім беру мектеп орталығы» КММ

2 орын-Толғанай Раушан, Қарағанды қаласы «№86 ЖББМ» КММ

3 орын-Кеншілік Гулбаршын, Теміртау қаласы «№3 ЖББМ» КММ

Тәлімгерлер:

1 орын-Рахманова Балнур Кылышбековна, Теміртау қаласы «Қыздар гимназиясы» КММ

2 орын- Жақсыбаева Назерке Дауреновна, Бұқар жырау ауданы «Кернеев РО» КММ

3 орын- Лущ Юлия Михайловна, Шахтинск қаласы «№2 ЖББМ» КММ