Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылдың19 ақпанында ZOOM платформасында онлайн режимде география мұғалімдеріне арналған «Geoinfo навигатор» жобасын іске асыру шеңберінде нетворкинг өткізді.
Теміртау қаланыңгеография пәні мұғалімдері Ю.В. Гольцова, «№ 31 жалпы білім беретін мектебі» КММ, Т.В. Зазуляк, Д.Б. «№ 27 жалпы білім беретін мектебі» КММ, өз тәжірибелерін қорытындылады. Нетворкинг қатысушыларына «География сабағында цифрлық білім беру ресурстары арқылы жоғары ақпараттық тұлғаны қалыптастыру» тақырыбы бойынша географияны оқытуда әдістемелік тәсілдер ұсынылды. Мұғалімдер интернет-ресурстарды пайдалану арқылы оқушылардың ойлау процесін ұйымдастырады, жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамытуға тапсырмалар көрсетті.
LearningApps-бұл алынған білімді тексеру және бекіту мақсатында интерактивті жаттығулар жасауға мүмкіндік беретін ақысыз онлайн-қызмет. «Картография» тақырыбын зерттеу кезінде формативті бағалауды ұйымдастыруға ерекше назар аударылды. Дескриптор балаларға сабақ тақырыбындағы қиындықтарды анықтауға көмектеседі және кері байланысқа ықпал етеді.
100 педагог қамтылды.