Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 20 ақпанда «Зейін» жобасын іске асыру шеңберінде география мұғалімдерінің пәндік құзыреттілігін арттыру мақсатында шеберлік сыныптарын өткізді. Семинар барысында география пәнінің мұғалімдері У. У. Әзімқұлова, Теміртау қаласының «№9 Лицей» КММ, С.К. Акимова, Қарқаралы ауданының «№15 жалпы білім беретін мектеп» КММ, С. С. Балмакаева, Шахтинск қаласының «А. Бөкейханов атындағы мектеп-лицей» КММ география сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Мұғалімдер оқытушының жеке басын дамытуға, оның логикалық ойлауына, графиктер мен диаграмма картасын талдай білуге, өз тұжырымдарын жасауға бағытталған жұмыстың әдістемелік формалары мен әдістерін ұсынды. Оқушылардың диалог пен пікірталас жүргізу тәжірибесін алу, шығармашылық қызметке баулу, коммуникативтік дағдылар мен жағдайларды модельдеу және экологиялық міндеттерді шешу қабілеттерін игеру әдістері қолданылды.
Тыңдаушылардың жақсы пікірлері, алған білімдері одан әрі жұмыс істеуге жақсы мотивация болды.
Барлығы облыстың 100-ден астам педагогы қатысты.