Размер шрифта:
КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУШІЛЕР ЖӘНЕ ДИРЕКТОРЛАРДЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ ҮШІН ӘДІСТЕМЕЛІК КҮН
27-02-2024 17:10
КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУШІЛЕР ЖӘНЕ ДИРЕКТОРЛАРДЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ ҮШІН ӘДІСТЕМЕЛІК КҮН

      2024 жылғы 27 ақпанда кәсіптік бағдар беру жұмысына жетекшілік ететін директорлардың орынбасарлары мен жалпы білім беру ұйымдарының кәсіптік бағдар берушілері үшін «Болашаққа жолдама» форумы аясында өтетін «Жаңа мамандықтар атласы» алаңы бойынша әдістемелік күн өткізілді.

Әдістемелік күнде «Жаңа мамандықтар атласы» байқауының жеңімпаздары өз тәжірибелерімен бөлісті.

- «Болашаққа жолдама» форумы аясында «Жаңа мамандықтар атласы» алаңында  іске асыру тәжірибесі - Чурбакова Людмила Васильевна, 2023 жылдың «Жаңа мамандықтар атласы» байқауының жеңімпазы, Нұра ауданы «Ш.Уәлиханов атындағы ЖББМ» КММ.

- «Болашаққа жолдама» форумы аясында «Жаңа мамандықтар атласы»байқауына қалай дайындалуға болады - Жоргембаева Әсемгүл Ақылбекқызы, 2023 жылдың «Жаңа мамандықтар атласы» байқауының финалисті, Қарағанды қ. «№46 ЖББМ» КММ.

Сондай-ақ, педагог-психологтарды сүйемелдеу мәселелері қаралды:

- Кәсіптік бағдар беру процесінде оқушылардың өзін-өзі тануын дамыту бойынша психологтың жұмысы - Кузнецова Екатерина Валерьевна, Қарағанды қ. «Қаныш Сәтбаев атындағы гимназия» КММ педагог-психологы.

- Кәсіптік бағдарлау жұмысының ұйымдастырушылық-функционалдық моделі: Болашақ бағдарлар мен бағыттар - Спанова Надия Калиевна, «Ж. К. Бөкенов атындағы Қарағанды банк колледжі» ЖМ кәсіптік бағдарлау, жұмысқа орналастыру және мониторинг бөлімінің басшысы.

Аталған іс-шараға 100 кәсіптік бағдар беруші қатысты.