Қарағанды облысының білім басқармасы, Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен аудан, ауыл мектептерінің түлектеріне Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстарын күшейту мақсатында 2016 жылдың 25-30 аралығында 6 күндік Түлек- 2016 акциясы «О.Жұмабеков атындағы ЖОББМ базасындағы Тірек мектебінде» өтуде. Акцияға аудан бойынша жалпы орта білім беретін 16 мектеп оқушылары тегіс қатысып отыр. Барлығы 169 түлек, 8 топқа, оның ішінде 7 қазақ, 1 орыс тобы, таңдау пәндері бойынша 12 топқа бөлініп білім алуда.
Акцияның әр күнінде 8 сабақ және бір психологиялық тренинг өз мәнінде өтуде. Сабақ беретін мұғалімдердің 95% жоғары санатты, 70% деңгейлік курстан өткен ұстаздар. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалудың сенімді жолдарын көрсетіп, тиімді әдіс- тәсілдер арқылы сабақтар өткізілуде.
Күнде жоспар бойынша психологиялық тренингтер және арасында зияткерлік ойындар ұйымдастырылып отыр. Сабақ аяқталғаннан кейін, оқушылар жататын интернатта балалар уақыттарын бос өткізбейтіндей әр түрлі танымдық іс-шаралар ұйымдастырылып, білімдері мен ой-өрістерін дамыту жұмыстары жалғастырылуда.
Осындай акцияның ұйымдастырылуы оқушылар үшін ҰБТ дайындалуда өте тиімді іс-шаралардың бірі болып отыр.