V Облыстық «ЭКОНОМ и К» олимпиадасы өткізілді
27-02-2024 14:04
V Облыстық «ЭКОНОМ и К» олимпиадасы өткізілді

       2024 жылдың 27 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу - әдістемелік орталығымен және Қарағанды қаласының № 2 лицейімен 7 сынып оқушылары арасында дарынды балаларды қолдау, кәсіби бағдар беру және анықтау мақсатында V Облыстық«ЭКОНОМ и К» олимпиадасы өткізілді.

Олимпиада Google Forms бағдарламасы арқылы онлайн режимде ұйымдастырылды. Облыстық олимпиадаға аудандық/қалалық деңгейдің жеңімпаздары және мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының оқушылары қатысты. Барлығы облыс бойынша 52 оқушы қатысты.

Олимпиадаға қатысушылар теориялық білімдерін ғана емес, логикалық ойлау қабілеттерін де көрсетуге мүмкіндік алды.