Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылдың 29 ақпан күні жобасы аясында «Теміртау жоғары медициналық колледжінің» өкілдерімен медициналық сынып оқушыларымен онлайн форматта кездесу өтті.
Колледж оқытушылары оқушылармен «Медбике», «Фельдшер» мамандықтары туралы егжей-тегжейлі әңгімелесті.
Мейірбике бөлімінің меңгерушісі Ж.Ж. Бектемирова балаларға қан кету түрлері және қан кету кезіндегі алғашқы медициналық көмек туралы айтып берді. Педагог-кәсіби бағдаршы В.Р. Юмаева балаларға «Медициналық білім негіздері» бойынша қызықты деректер келтірді.
Балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға жауап алуға мүмкіндік алды.
Кездесуге Теміртау қаласы №20 мектеп-лицейі, Нұра ауданы, Осакаров ауданы, Қарқаралы ауданы №19 ЖББМ, Саратов атындағы мектеп-лицейінен 100 оқушылар қатысты.