2016 жылдың 30 наурызында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында жұмыс тобының қорытында семинары өтті. Оқытушылар колледж студенттері арасында кәсіпкерлік дағдысын дамыту бойынша жол картасы мен факультативтік курстың 34 сағатқа құрылған оқу-әдістемелік кешенінің әзірлемесін ұсынды.
Жұмыс тобының құрамында облыстың 8 колледжінен экономика пәндерінің оқытушылары жұмыс жасады. «Абай көп салалы колледжі» Поветина Г.Ф., «Қарағанды политехникалық колледжі» Жапбасова Т.Б., «Теміртау политехникалық колледжі» Аргумбаева Г.Т., «Қарағанды тау-кен индустриалды колледжі» Джанабекова Б., «Қарағанды технико-құрылыс колледжі» Кенжебаева Д. М., «Қарағанды көлік –технологиялық колледжі» Ашкенова Т. Ж., КГУ «Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі» Башеева А. О., «Қарғанды кәсіби-техникалық колледжі» Гептинг В. Н.