2024 жылдың 29 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мен «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты», Н.Нұрмақов атындағы және Жамбыл Жабаев атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының ұйымдастыруымен жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Балалық шаққа саяхат» тақырыбында облыстық семинар болып өтті.
Семинардың мақсаты: Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығын дәріптеу, күрделі тақырыптарды оқытуда мұғалімдердің іс-тәжірибесімен алмасу.
«Мұрагер» ММЛИ мұғалімі К.Г.Смагулов 10-орыс сыныбында «Ыбырай Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесі» тақырыбында, Н.Нұрмақов ММЛИ мұғалімі Наурызбаева А.И. 5-сыныпта (Бердібек Соқпақбаев «Менің атым – Қожа» хикаяты) «Түбінде адам болатын бала» тақырыбында, Жамбыл ММЛИ мұғалімі Тилеубаева К.О. 9-сыныпта «Гендік модификацияланған өнімдер» тақырыбында, «Мұрагер» ММЛИ мұғалімі Аханова Б.Ж. 8-сыныпта «Дулат Исабеков «Әпке» драмасы. Кейіпкерлер галереясы» тақырыбында, Н.Нұрмақов ММЛИ мұғалімі Қуандық Н.С. 6-сыныпта «Тұңғыш олимпиада чемпионы атанған қазақ» тақырыбында іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар барысында мектеп оқушылары «Шынайы өмірдегі Қожа бейнесі» тақырыбында өздері жүргізген PBL зерттеулерімен таныстырып, «Менің атым – Қожа» хикаятындағы Қожа мен қазіргі оқушыларды салыстырып, өздерінің пайымдауларын айтты және балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың қоғамдық-саяси қызметі туралы талқылап, құнды пікірлерін ортаға салды.
«Мұрагер» ММЛИдрама үйірмесі оқушыларының дайындаған «Менің атым – Қожа» тақырыбындағы төрт бөлімді қойылымы семинар тақырыбын толықтыра түсті. Сонымен бірге мектеп оқушыларының көмегімен дайындалған концерттік бағдарлама да өз дәрежесінде өтті.
Семинарға 50-ден астам педагогтер мен оқушылар қатысты.