2024 жылдың 4-14 наурызы аралығында Қарағанды облысы бойынша Білім Министрлігінің мобильді тобының мүшелері, оқу-әдістемелік орталықтың директоры Б.Х.Әбдикерова, бөлім басшысы А.З. Мұхамедьярова және әдіскері А. Х. Қалмағамбетова басшылығымен «Кәсіби мұғалім – табысты оқушы» педагогтерды аттестаттау қағидаларының жобасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Онлайн және офлайн форматта өткен семинарлар жұмысына әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері мен аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, білім беру ұйымдарының барлық деңгейлерінің басшылары, басшылардың орынбасарлары, педагогтері қатысты. 11000-нан астам педагог қамтылды.
Түсіндіру жұмысы барысында педагогтер аттестаттаудың жаңа қағидаларының философиясымен таныстырылды, онда педагогтің білім беру тәжірибесі мен оқушылардың табысын қалыптастырудағы рөлінің маңыздылығы, сондай-ақ педагогикалық қызметтің тиімді нәтижелеріне қол жеткізу үшін өз кәсібилігін үздіксіз жетілдіру қажеттілігі атап көрсетілді.
Педагогтер өздерін мазалап жүрген сұрақтарына толық көлемде жауап алды. Сондай-ақ, қосымша ақпарат алу үшін мұғалімдердің Call center-ге жүгіну мүмкіндігі бар.