Размер шрифта:
2016 жылдың 29 наурызында Бұқар жырау ауданы, Дубовка ауылының Балалар өнер мектебі базасында «Композиция шығаруда көп таралған қателіктер және оларды шешу жолдары» тақырыбында оқыту семинары өтті.
29-03-2016 04:11
 2016 жылдың 29 наурызында Бұқар жырау ауданы, Дубовка ауылының Балалар өнер мектебі базасында «Композиция шығаруда көп таралған қателіктер және оларды шешу жолдары» тақырыбында оқыту семинары өтті.

  2016 жылдың 29 наурызында Бұқар жырау ауданы, Дубовка ауылының Балалар өнер мектебі базасында балаларға қосымша білім беру ұйымдарының бейнелеу өнері бөлімдерінің меңгерушілеріне арналған «Композиция шығаруда көп таралған қателіктер және оларды шешу жолдары» тақырыбында оқыту семинары өтті.

  Семинар Қарағанды облысының балаларға қосымша білім беру ұйымдарының көркемөнер және бейнелеу өнері бөлімдері, қосымша білім берудің көпсалалы ұйымдарының декоративтік-қолданбалы өнер бөлімі педагогтарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысы шеңберінде өткізілді.

  Семинарды ұйымдастырушылар: Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, Шахтинск қаласының А. Исмаилов атындағы балалар көркемөнер мектебі.

   Семинарға Ақтоғай, Осакаровка, Абай, Бұқар жырау аудандарының, Қаражал, Балқаш, Саран, Шахтинск, Қарағанды қалаларының 19 педагогы қатысты.