2024 жылдың 12 наурызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Қарағанды агротехникалық колледжі» КМҚК базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Орыс тілі мен әдебиеті кеңістігі» атты облыстық педагогикалық идеялар мен шеберлік байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты - тәжірибе алмасу және бірыңғай ақпараттық-білім беру кеңістігінде оқытушылардың ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттілігін арттыру.
«Педагогикалық тәжірибенің қырлары» тақырыбымен «Қарағанды агротехникалық колледжі» КМҚК директоры м.а. Ибраев Манарбек Каратаевич сөз сойлеп, іс-шараны ашты.
Байқауға Қарағанды облысы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 10 педагогы қатысты.
Байқау екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңде (іріктеу) оқытушылар бейне-визитка түрінде өздері, өздерінің білімдік, тәрбиелік және қоғамдық қызметі, жетістіктері мен қызығушылықтары туралы айтып берді.
Байқаудың екінші кезеңіне ең көп балл жинаған 8 қатысушы өтті, онда олар бағыттардың бірі бойынша жұмыс тәжірибесін ұсынды:
1) «Орыс тілі»/«Орыс әдебиеті» пәні бойынша әдістемелік өнім;
2) «Орыс тілі»/«Орыс әдебиеті» пәні бойынша сандық білім беру өнімі;
3) «Орыс тілі»/«Орыс әдебиеті» пәні бойынша оқытушының ғылыми-зерттеу жұмысы;
4) «Орыс тілі»/«Орыс әдебиеті» пәні бойынша бағалау қызметі және кері байланыс қамтылған жұмыс кешені.
Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
1 орын - Шилин Александр Геннадьевич, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК оқытушысы;
2 орын - Тасмасыс Наталья Сергеевна, «Шахтинск технологиялық колледжі» оқытушысы;
3 орын - Серикова Асыл Жанатовна, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ оқытушысы.