«ЖАС ЗАҢГЕР» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
12-03-2024 11:08
«ЖАС ЗАҢГЕР» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

       Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 12 наурызда Теміртау қаласының «Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-лицейі»  КММ базасында «Жас заңгер» жобасын іске асыру аясында ZOOM платформасында онлайн режимде «Мен таңдаған мамандық - заңгер» атты новоркинг өткізді.

        Нетворкинг-практикум барысында «Лекторлық топ-жастардың патриоттық және құқықтық тәрбиесін қалыптастыру үшін сабақтан тыс жұмыстың нысаны ретінде», «Жас заңгер» жобасын жүзеге асыру барысында бейіндік оқыту мен кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастыру»  теориялық және практикалық аспектілері ұсынылды. Сондай-ақ, пікірталас қозғалысын жүзеге асыру аясында «Баланың құқықтарын қорғаңыз» іскерлік ойынының ерекшеліктері қарастырылды.

        Нетворкинг - практикум әріптестер арасында қызығушылық тудырды және әріптестердің оң пікірін алды.

        Қамту 55 педагогты құрады.