Размер шрифта:
«1000 МЕКТЕП» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АБАЙ, БҰҚАР ЖЫРАУ, ҚАРҚАРАЛЫ АУДАНДАРЫ МЕКТЕПТЕРІ ҮШІН ӘДІСТЕМЕЛІК КҮН
13-03-2024 12:15
«1000 МЕКТЕП»  РЕСПУБЛИКАЛЫҚ  ЖОБАСЫ  АЯСЫНДА  АБАЙ,  БҰҚАР ЖЫРАУ, ҚАРҚАРАЛЫ  АУДАНДАРЫ МЕКТЕПТЕРІ  ҮШІН  ӘДІСТЕМЕЛІК  КҮН

      2024 жылдың  13 наурыз күні  Қарағанды  облысында  білім  беруді  дамытудың  оқу-әдістемелік  орталығының  ұйымдастыруымен  «1000 мектеп» республикалық  жобасына  қатысушы  білім  беру  ұйымдары  үшін  әдістемелік  күн  өткізілді.

          Күн тәртібіндегі  сұрақтарға сәйкес «Оқу  процесінің  сапасын  бақылау» мектепішілік бақылаудың II-ші  бағыты  бойынша атқарылған жұмыстар, нәтижесі»  туралы  Бұқар жырау ауданы «Мәнжі батыр атындағы Қаражар жалпы білім беретін мектеп»   директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Пискунова Л.Н.,  «Ынтымақ негізгі орта мектебінің» директоры Сарина Б.А.  баяндады.

           «Білім  беру  ұйымдарының  2024 – 2029  жылдарға  арналған  Даму

бағдарламасын  әзірлеу  туралы» атқарылған  жұмыстармен  Бұқар  жырау  ауданы білім  бөлімінің  әдістемелік  кабинет  меңгерушісі Туртбаева Б.Т. таныстырды.

       Күн  тәртібінің  сұрақтарын  талдау  барысында  мәселелерді  шешу  жолдары  көрсетіліп,  ұсыныстар  берілді.

     Әдістемелік күнге Абай, Бұқар жырау, Қарқаралы аудандарынан жобаға енген 8 мектептің  директорлары, орынбасарлары    барлығы  26  педагог қатысты.