2024 жылдың 26-27 наурыз күндері Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу - әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ЗУМ платформасы арқылы «Химия сабақтарында олқылықтардың орнын толтыру», «Білім сапасының мәселелері. Нәтижеге жету әдістері» тақырыбында көктемгі мектеп өткізілді.
Көктемгі мектепте облыстық мамандандырылған мектеп-лицейлерінің химия пәні мұғалімдері: Сатмолдина Фарида Алиповна «Н.Нурмаков атындағы ММЛИ» КММ, Хасенова Сауле Токеновна «Жамбыл ММЛИ» КММ, Аубакирова Кулайым Тулегеновна «Мұрагер ММЛИ» КММ, Ибраева Меруерт Муратовна «Озат АТ» ММЛ, Ермекова Гульнара Садвакасовна «Дарын ММЛИ» КММ, Дюсамбаев Бекен Аблакасович «Зияткер» ММЛ» КММ білім сапасын арттыруда нәтижеге жетуге бағытталған әдіс-тәсілдер бойынша өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Көктемгі мектепті өткізу аясында келесі тақырыптар қарастырылды: «Химиялық реакциялар. Стехиометриялық есептеулер. Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер», «Қоспалар, қоспаларға арналған есептердің шығарылу жолдары», «Химиялық реакциялар. Химиялық реакция теңдеулерін құрастыру. Химиялық реакция типтері. Тотығу - тотықсыздану реакциясы», «Электролиттік диссоциация. Бейорганикалық қосылыстарды сапалық талдау. Катиондарға сапалық реакциялар», «Аниондарға сапалық реакциялар».
Көктемгі мектепке қатысушылар саны: 100 мұғалім.