2024 жылғы 26-28 наурыз аралығында Қарағанды облысының «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Жол картасы және «Мұғалім тәжірибесіндегі «Lesson Study» жобасы аясында семинарлар өткізілді.
Семинарларға Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра, Оскаров, Шет аудандарынан 15 білім беру округінің тиімді жұмыс режиміне ауысу мектептердің 43 мұғалімдері қатысты.
Семинарлар барысында қатысушылар «Lesson Study» тәсілінің негіздерімен танысты, олардың үлгілерінің ерекшеліктерін қарастырды, деректер жинау құралдарын, оқушылардың бақылау жоспарлары мен форматтарын, сабақтарды талқылау үлгілері бойынша материалдарды зерделеді.
Семинарлар бағдарламасында қолданылған белсенді жаттығулар, практикалық тапсырмалар, топтық жұмыс, пікірталастар қатысушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға ықпалы болды.
Сонымен қатар, мұғалімдер зерттеуді өткізуде этикалық талаптарды талқылады және өз мектептерінде «Lesson Study» тәсілің енгізу жоспарын дайындады.