Размер шрифта:
Шағын жинақты мектеп мұғалімдеріне арналған «БІРІКТІРІЛГЕН СЫНЫПТАРДА ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ» КӨКТЕМГІ МЕКТЕП
28-03-2024 09:08
Шағын  жинақты  мектеп  мұғалімдеріне  арналған    «БІРІКТІРІЛГЕН  СЫНЫПТАРДА  ОҚУ  ПРОЦЕСІН  ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ  ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ»         КӨКТЕМГІ  МЕКТЕП

              Қарағанды  облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы  2024 жылдың 28  наурыз  күні   «Көктемгі мектеп» жұмысы аясында   «Шағын  жинақты  мектептердегі  біріктірілген  сыныптарда оқу  процесін  ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері»  тақырыбында  шеберлік-сабақтар  өткізді.  

            Бұқар жырау, Нұра аудандарының  шағын  жинақты  мектептерінің  біріктірілген  сыныптарының  мұғалімдері  шебер-сабақтар  өткізіп,  іс-тәжірибелерімен  бөлісті:  

Аллаяр Қалиман Есболатқызы,  қазақ тілі мен әдебиеті (7+8 сынып) «Бұқар жырау НОМ» КММ.

Мукенова Гүлназ Аптуғалымқызы,  ағылшын тілі  (5+6 сынып) «Шешенқара ЖББМ» КММ. 

Болат Райхангүл, математика (2+3 сынып) М.Дулатұлы атындағы ЖББМ .

Альханова Светлана Владимировна, қазақ тілі мен әдебиеті (5+6 сынып) «Пушкин НОМ»  КММ.

           Сонымен  бірге  сабақтар  бойынша  әзірленген  бейне-роликтер  ұсынылып,  тәжірибелік  жұмыстар  көрсетілді.

«Көктемгі  мектеп»  жұмысына барлығы 90  мұғалім  қатысты.