Размер шрифта:
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӨКТЕМГІ МЕКТЕБІ
27-03-2024 10:46

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2024 жылдың 26 – 27 наурызы күндері математика пәнінің мұғалімдері үшін Көктемгі мектеп жұмысы ұйымдастырылып, өткізілді.

Көктемгі мектеп аясында зерделеу нәтижесі бойынша анықталған күрделі тақырыптар қарастырылып, есептерді шешудің тиімді әдіс-тәсілдері көрсетілді. Сондай-ақ, сабақ үрдісінде қолданылатын ақпараттық технологиялар мен интернет ресурстар бойынша да ақпараттар берілді.

Барлығы облыс бойынша 400-ге жуық математика пәнінің мұғалімдері қатысты.

Көктемгі мектеп барысында келесі мұғалімдер өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті:

Сулейманова Гульжазира Омирзаковна, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері;

Омарова Асель Мухаметкалиевна, Қарқаралы ауданы «Әлібек Бүркітбаев атындағы №12 ЖББМ» КММ математика пәнінің мұғалімі;

Баймурунова Раушан Максатовна, Қарқаралы ауданы «№3 ЖББМ» КММ математика пәнінің мұғалімі;

Аменова Айнагуль Омурзаковна, Қарқаралы ауданы «Акдемик Орынбек Жәутіков атындағы №1 ЖББМ» КММ математика пәнінің мұғалімі;

Балтабаева Айгуль Маратовна, Қарағанды қаласы «М.Жұмабаев атындағы гимназия» КММ математика пәнінің мұғалімі;

Мүсілім Күлнарайым Маратқызы, Қарағанды қаласы «М.Жұмабаев атындағы гимназия» КММ математика пәнінің мұғалімі;

Адамбаева Жазира Жакуповна, Қарқаралы ауданы, «Мәди Бәпиұлы атындағы №44 ЖББ тірек мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі.