2024 жылдың 28 наурызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және Теміртау техникалық колледжінің ұйымдастыруымен Қарағанды қаласының 90 жылдығына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер педагогтерінің «Менің туған өлкем» атты облыстық медиасабақтар байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: ақпараттық технологияларды және олардың гуманитарлық цикл пәндерімен интегративтілік принципін пайдалану кезінде педагогтердің білім беру процесінің тиімділігін арттыру.
Байқауға облыс колледждерінен 14 оқытушы қатысты. Барлық қатысушылардың жұмысын тәуелсіз қазылар алқасы сыни бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
1 орын - Шалкажанова Айзада Жарылкаповна, «Балхаш қаласының медициналық колледжі» КМҚ тарих және әлеуметтік пәндер оқытушысы
2 орын - Бейсембаева Гульзада Сагандыковна, «Қарағанды тамақтану және сервис колледжі» КМҚК тарих пәнінің оқытушысы
2 орын - Шайжанова Гульзада Карифуллаевна, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ тарих пәнінің оқытушысы
3 орын - Абдрахманова Қымбат Жаксылыковна, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК тарих пәнінің оқытушысы
Қатысушылар сертификаттармен, жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды