Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылдың 4 сәуірде «Медицинаға қадам»жобасын іске асыру аясында Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасына және 5 сәуір күні облыстық клиникалық аурухананың хирургиялық орталығына Абай ауданы «Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясы» КММ медициналық сынып оқушыларыменэкскурсияға барып қайтты.
Клиниканың аға мейірбикесі Альдиева Динара Рымбековна аурухананың қалыптасу тарихы туралы айтып,жоғарғы оқу орнын бітірген соң осы мекемеде жұмыс істеу мүмкіндіктері туралы ақпараттық материал ұсынды, балалардың назарын медициналық мамандықтарға деген сұранысқа аударды.
Экскурсия барысында оқушылар дәріс аудиторияларына, түрлі емдеу бағыттарындағы арнайы жабдықталған кабинеттерге барды, сондай-ақ мейірбике ісінің негіздері, жалпы хирургия, акушерлік бойынша практикалық сабақтарға қатысты.
Клиникадағы қабылдау бөлімінен бастап,тіркеу орны және науқастардың палаталары мен емшара қабылдау бөлмелерінің жұмысымен кеңінен түсіндіріп және дәрігерлердің жұмыс барысымен практикалық түрде таныстырып өтті. Мектеп қабырғасындағы оқушының жоғарғы оқу орнына түскеннен кейінгі кәсіби және коммуникативтік дағдылары қалай қалыптасатыны туралы айтып берді.
Экскурсия барысында медициналық сынып оқушылары болашақ мамандықты анықтауға тағы бір мүмкіндік алды, бұл медициналық бағытпен байланысты болады.