«Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларды психологялық-педагогикалық сүйемелдеу» облыстық семинарі
11-04-2024 12:53
«Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларды психологялық-педагогикалық сүйемелдеу» облыстық семинарі

      2024 жылдың 11 сәуір күні мектеп-интернатында «Отбасы және мектеп: диалогтан серіктестікке» жобасын іске асыру аясында «Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларды психологялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында арнайы мектеп-интернаттар мен жалпы білім беретін мектеп директорларының оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, облыстық психолого-медико-педагогикалық кеңестердің әдіскерлері үшін облыстық практикалық семинар өткізілді.

Семинар мақсаты:тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға психологиялық-педагогикалық жағдай жасау бойынша мектеп-интернат педагогтарының тәжірибесін жалпылау және тарату.

Семинарға «Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ., «Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы» КМҚК, «Turan-El» ұлттық спорт және демалыс Орталығының өкілдері қатысты.

Семинарда мектеп-интернат педагогтары шеберлік сабақтарын, театрлық қойылымдарды, воркшоптарды, панорамалық және практикалық сабақтарды, түзету сабақтарын ұсынды, үйірме жұмысының тәжірибесін көрсетті.

Аналитикалық-рефлексивті бөлімде білім алушылар «Ұлы Жібек жолы», «Қазақстанның Облыс орталықтары» тақырыптарында ғылыми жобаларын қорғады, «Отбасы - өмір аясы» концерттік бағдарламасы өткізілді.

Семинарда ата-аналармен бірлескен жұмыс түрлері ұсынылды: «Әжелер мектебі», «Әкелер мектебі», «Аналар мектебі».